Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов»

Бұйрық · № 541 · қабылданған 23.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-1061-ekb-133681/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов» Қолданыста Бұйрық ·№ 541 ·23.07.2019
23.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 541 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 10 ноября 2015 года № 1061 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
541
Қабылданған күні
23.07.2019
Көрсетілген редакция
23.07.2019 133681_416807.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019132
ЭКБ идентификаторы
133681
Редакция идентификаторы
133681_416807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:03

0 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінің №249 (28727) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
2019 жылғы __ ___________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 10 қазандағы
№ 1061 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.

2

2. Қағидалар жолаушыларды, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін коммерциялық тасымалдауды (әуе тасымалдары) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау, оларға сертификат (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) беру, оны тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін айқындайды.

3 3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.

4 4. Халықаралық коммерциялық тасымалдау құқығын беретін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі - ИКАО) тіркеледі. Авиакомпанияға үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі.

Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) ИКАО-ға жіберетін сұрау арқылы жүзеге асырылады.

5 5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің

554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.

6 6. Сертификаттау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1 1) өтiнiмдi беру алдындағы кезең;

2 2) өтініш берушінің уәкілетті ұйымға құжаттармен бірге өтінім беруі;

3 3) құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау;

4 4) уәкілетті ұйымға өтініш берушіге сертификаттық тексеру жүргізуі;

5 5) шешім қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).

7 7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі – өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.

8 8. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – уәкілетті ұйым (уәкiлеттi орган) берген сертификаттау талаптарына және Қағидаларға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

2 2) өтінім – өтініш берушінің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінуі (бұдан әрі - өтінім);

3 3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы;

4

4) сертификаттық талаптар – «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын талаптар;

5

5) сертификаттық тексеру – уәкілетті ұйымға жүзеге асыратын өтініш берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттық талаптарға сәйкестігіне және сәйкессіздіктер бар болған кезде – уәкілетті ұйымға бекіткен түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - түзету іс-қимылдарының жоспары) орындауға (қолдануға) тексеру.

2 2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

1 1-параграф. Өтiнiмдi беру алдындағы кезең

9

9. Өтiнiмдi алғашқы рет беру алдындағы кезең өтініш берушінің уәкілетті ұйымға пайдаланушының сертификатын алу ниеті туралы алдын ала жүгінуін көздейді, онда оған ұшулардың рұқсат етілген түріне, өтінімді қарастырған кезде қолданылатын рәсімдерге және өтініш беруші ұсынатын мәліметтерге қатысты толыққанды ақпарат беріледі.
Өз кезегінде, өтiнiш беруші алдын ала бағалау үшін пайдалануға жоспарланатын әуе кемелерінің түріне, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы-экономикалық жағдайына және ұсынылатын тасымалдауларға сәйкес келетін маршруттардың құрылымына, тасымалдаулардың жоспарланатын рентабельдiгiне, бiлiктi персоналдың бар болуына, қажеттiлiктерге немесе сұранысқа ие және қоғам мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсетудің деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады.

10 10. Уәкілетті ұйым жүгінген күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде өтініш берушіге алдын ала бағалау нәтижелері бойынша оң немесе теріс қорытынды туралы хабарлайды. Оң қорытынды пайдаланушыны сертификаттауға дайындауды бастау үшін негіз болып табылады.

2 2-параграф. Өтінімді және құжаттарды беру

11 11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» веб-порталына өтінімді жібереді.

12 12. Өтінімге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттар қоса беріледі.

13 13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген құжаттармен бірге өтінімді береді.

3 3-параграф. Құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау

14 14. Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды қарайды, олар бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім» нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды.

Қараудың барынша ұзақ мерзімі – жиырма жұмыс күні, өтінім мен қоса берілген құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш берушіге анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі он жұмыс күніне белгіленеді.

15 15. Қағидалардың 14-тармағымен белгіленген мерзімде өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, өтінімді қараудан бас тарту туралы шешім жіберіледі.

16

16. Өтінім мен құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жібереді және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

4 4-параграф. Сертификаттық тексеруді өткізу

17

17. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге сертификаттық тексеруді авиация инспекторлары үшін уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, пайдаланушының белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның қаржы-экономикалық жағдайына жүзеге асырады.

18 18. Ұшу және жер бетіндегі қызметтерді тексеру қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың дайындық дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісінше жабдықталғаны және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексеріліп, расталады.

19 19. Пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған кезде өтініш берушіні сертификаттық тексеру мыналарды қосымша қамтиды: өтініш берушінің ұшуларға басшылық ету жүйесін көрсету, суға мәжбүрлі қонуды көрсетуге еліктеу, авариялық эвакуацияны көрсету.

20 20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша Қағидаларға

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада Сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) жасалынады, онда өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсынымдар мен пайдаланушының сертификатын беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетіледі. Актіге бір күннің ішінде Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.

21 21. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш санатқа бөлінеді:

1-санат, 2-санат және 3-санат.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен пайдаланушы сертификатының қолданысын шектейді.
2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым:

1

1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

2 2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым оны ұзартады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

22 22. Уәкілетті ұйым пайдаланушының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады немесе бұрын берілген пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алады.

5 5-параграф. Шешім қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту)

23 23. Пайдаланушы сертиф икатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындысымен сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.

Уәкілетті ұйым үш жұмыс күні мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушының сертификатын ресімдеуді және беруді жүргізеді.

24 24. Уәкілетті ұйымның басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның қолымен және мөрімен расталған пайдаланушы сертификатының көшiрмесi және онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерінің көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.

25 25. Егер:

1 1) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса;

2 2) Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

26 26. Уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап, мерзімі үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.

27 27. Пайдаланушы сертификатта белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.

3 3-тарау. Пайдаланушы сертификатын тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі

28 28. Уәкілетті ұйым:

1 1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2 2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3 3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шетел мемлекеттерде, Заңның 16-3 бабына сәйкес белгіленген бірінші деңгейдегі немесе ұшулардың қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған;

4 4) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда, пайдаланушы сертификатының қолданылуын толық немесе ішінара шектейді, тоқтата тұрады.

29 29. Заңның талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді.

Заң талаптарын ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Заң талаптарының барлық бұзушылығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың барлығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

30 30. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.

Уәкілетті ұйым көрсетілген мерзім басталғанға дейін отыз жұмыс күні бұрын пайдаланушыға сертификатты кері қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

31 31. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті ұйым пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады.

Инспекторлық ұйғарым берілген немесе тексеру нәтижелері туралы актімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні мерзімде пайдаланушы уәкілетті ұйымға бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын және бұзушылықтар жойылғаннан кейін жоспармен белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Егер пайдаланушы жоспарда белгіленген мерзімдерде пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға әкелген анықталған бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын қайтарып алады. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтату осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген барлық жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады, одан кейін уәкілетті ұйым пайдаланушының сертификатын кері қайтарып алады.

32

32. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда уәкілетті ұйым пайдаланушы түзету әрекеттері жоспарының жоспарда белгіленген мерзімдерде орындалғаны туралы анықтаманы растайтын құжаттамамен бірге бергеннен және пайдаланушыны уәкілетті ұйым тексергеннен кейін оны қайта жаңартуды жүзеге асырады.

33 33. Уәкілетті ұйымғ пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтіру немесе қайта қалпына келтіруден бас тарту туралы шешімді тексеру аяқталған сәттен бастап, үш жұмыс күні мерзімде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

34 34. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына дереу хабарлайды.

35 35. Пайдаланушы сертификаты қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті ұйымға дереу қайтарады.

36 36. Уәкілетті ұйым қайтарып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде бұл туралы ИКАО-ға хабарлайды (халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушы үшін).

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

37 37. Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар:

1 1) пайдаланушының өтінімі бойынша;

2 2) пайдаланушыға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымның шешімі бойынша енгізіледі.

38

38. Пайдаланушы атауының, оның мәртебесінің, ведомстволық тиесілігінің өзгеруі (егер олар сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерге әкеп соқтырмайтын болса), әуе кемелерін пайдалануды тоқтатқан жағдайда, сондай-ақ пайдаланушы пайдаланғанмен бір типтегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы сертификатына тиісті өзгерістер енгізіледі.

39 39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жағдайларда пайдаланушы уәкілетті ұйымға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінімді жібереді.

40 40. Өтінімді алған сәттен бастап уәкілетті ұйым жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және пайдаланушының сертификатына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

41 41. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа типтегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінімді алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

1 1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

2 2) нәтижелері бойынша пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігінде пайдаланушыға тексеруді жүргізеді.

42 42. Егер мәлімделген әуе кемесі:

1 1) осы сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті әкелетін болса;

2 2) өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған

құжаттардың тізбесіне сәйкес келмесе;

3 3) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаты немесе куәлігінің пайдалану ерекшеліктеріне енгізілсе, мәлімделген әуе кемесін пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту жүргізіледі.

43 43. Уәкілетті ұйым мәлімделген әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізуден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде жазбаша түрде дәлелді бас тарту беріледі.

1 Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына
________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы
пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім
Кандидат толтырады
Алғашқы беру
Кезекті беру
1. Жал­пы ақ­па­рат
1. Ком­па­ни­я­ның ре­сми ата­уы және са­уда­лық ата­уы (егер ерекше­лен­се):
2. Те­ле­фон, факс және элек­трон­дық по­шта ме­кен­жай­ын қо­са ал­ған­да, негіз­гі қыз­мет ор­ны­ның ме­кен­жайы.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ПС №
Пай­да­ла­ну­шы
Ком­па­ни­я­ның ме­кен­жайы:
по­шта­лық ме­кен­жайы:
Қо­сым­ша қыз­мет­тік ме­кен­жайы:
те­ле­фон, факс
Қыз­мет тү­рі:
элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы:
3. Бо­лжам­ды жұ­мысты ба­стау кү­ні:
4. Ай­рық­ша тәр­тіп­те ұшу-пай­да­ла­ну агент­ті­гі үшін сұ­рау са­лын­ған шар­тты бел­гі­лер (ал­ғаш­қы бе­ру):
a)
b)
c)
5. ИКАО/ИА­ТА ко­ды (3 әріп­ті код/егер бол­са, 2 әріп­ті)
6. Бас­шы­лар және негіз­гі қыз­мет­кер­лер
Те­гі
Ла­у­а­зы­мы
Те­ле­фон, факс, элек­трон­дық по­шта­сы
1) Пай­да­ла­ну­шы­ның бас­шы­сы
2) Ұшу қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі ин­спек­ци­я­сы­ның бас­шы­сы неме­се та­ғай­ын­дал­ған жа­у­ап­ты тұл­ға
3) Ұшу қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы
4) Ұшу­ға жа­рам­ды­лық­ты қол­дау жө­нін­де­гі бас­шы­сы
5) Жер үсті қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі бас­шы неме­се та­ғай­ын­дал­ған жа­у­ап­ты тұл­ға
6) Пер­со­нал­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­тің бас­шы­сы неме­се та­ғай­ын­дал­ған жа­у­ап­ты тұл­ға
7) Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы неме­се та­ғай­ын­дал­ған жа­у­ап­ты тұл­ға
8) Борт­се­рік­тер қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы (жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын пай­да­ла­ну­шы­лар үшін)
9) Са­па­ны ба­қы­лау қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы неме­се та­ғай­ын­дал­ған жа­у­ап­ты тұл­ға
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және та­сы­мал­дар түр­ле­рі
7. Пай­да­ла­ну­шы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді өз бе­ті­мен жү­зе­ге асы­ру­ды/тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді шар­ттар негі­зін­де орын­да­уды жос­пар­лап отыр
8. Ұсы­ны­ла­тын та­сы­мал­дар түр­ле­рі:
Жо­ла­у­шы­лар және жүк ☐
Жүк ☐
По­шта жө­нел­ті­лім­де­рі ☐
3. Әуе ке­ме­ле­рі және бо­лжа­на­тын ұшу аудан­да­ры ту­ра­лы ақ­па­рат
9. Әуе ке­ме­ле­рі ту­ра­лы де­ректер (же­ке, жал­дан­ған):
10. Бо­лжа­на­тын гео­гра­фи­я­лық ұшу ауда­ны(-да­ры):
EUR     AFI
NAT     NAM
CAR      SAM
MID     ASIA
PAC     AUS
POLAR
1) Тү­рі, мо­де­лі және вер­си­я­сы бой­ын­ша әуе ке­ме­ле­рі­нің са­ны:
2) Жо­ла­у­шы­лар крес­ло­сы­ның са­ны және/неме­се пай­да­лы жүк­те­ме (кг., тонн)
ӘК ұлт­тық ай­ы­рым және тір­кеу бел­гі­ле­рі:
ӘК ең жо­ға­ры рұқ­сат еті­л­ген ұшып кө­те­рі­лу мас­са­сы (MTOW):
ӘК жал­дау
шарт №
-ден
дей­ін­гі ли­зинг
Әуе ке­ме­ле­рі ие­сі­нің ата­уы:
Заң­ды ме­кен­жайы:
4. Ұшу түр­ле­рі, ар­найы шек­те­улер мен рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
Ұшу түр­ле­рі:
тұ­рақ­ты іш­кі
тұ­рақ­ты ха­лы­қа­ра­лық
тұ­рақ­ты емес іш­кі
тұ­рақ­ты емес ха­лы­қа­ра­лық
Ар­найы шек­те­улер:
Ар­найы рұқ­сат бе­ру­лер/Ма­құл­дау:
RVR (m)
DH (м/ft)
LVTO RVR (m)
Ке­ңей­ті­л­ген пай­да­ла­ну мүм­кін­дік­тер
MNPS
P-RNAV
BRNAV
RNP
RVSM
TCAS
EGPWS
GNSS
LRNS
VOR
IRU/IRS
DME
EDTO: Ба­стап­қы уа­қыт
Min
ара қа­шық­тығы
NM
Қо­сал­қы әу­е­ай­лақ­қа дей­ін ең ұзақ ұшу уа­қы­ты
non-EDTO
Min
GPS Approach
EFB
Қа­уіп­ті жүк­тер
5. Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды дай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат
Ұсы­ны­ла­тын пер­со­нал дай­ынды­ғы (ұшу пер­со­на­лы­на ар­нал­ған пи­ло­таж­ды тре­на­жер­лер және/неме­се ка­би­на­лық пер­со­нал­ға ар­нал­ған тре­на­жер­лық қон­дыр­ғы­лар):
Қо­лы:
Кү­ні:
Те­гі және ла­у­а­зы­мы:
6. Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым тол­ты­ра­ды
Мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­л­ген өті­нім түс­кен күн:
Тір­кеу нө­мі­рі:
Жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам:
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________
20 __ жылғы «___» _____________

2 Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
2-қосымша
Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса
берілетін құжаттардың тізбесі

1 1. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.

2 2. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 5700 кг. жоғары әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау.

3 3. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.

4 4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент).

5 5. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.

6 6. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.

7 7. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

8 8. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшірмелері.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

3 Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша
шешім
20__ жылғы «___» __________ № _____
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінімін қарап, сіз ұсынған құжаттар
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат
беру қағидаларына сәйкес (сәйкес емес) (құжаттар сәйкес келмеген жағдайда
сәйкессіздік тармағы/тармақтары көрсетіледі) келетінін хабарлаймыз.
Сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы хабарлаймыз (сәйкес болған
кезде).
Мордін орны Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы
не ол уәкілеттік берген тұлға
_____________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (қолы)

4 Сертификаттық тексеру акті

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Сертификаттық тексеру акті
__________________________ 20__ жылғы «___» ______ № ________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы Комиссия:
Төраға:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)
өтініш беруші ________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертификаттау
талаптарына сәйкестігіне сертификаттық тексеру жүргізді.
Қорытындының мәтіні:___________________________________________
Төраға: _________________________________ ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болғанда), лауазымы)
Комиссия мүшелері: ______________________ ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болғанда), лауазымы)
Актімен таныстым:
Жауапты тұлға: ___________________________ __________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(бар болғанда), лауазымы)

5 Пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Пай­да­ла­ну­шы Сер­ти­фи­ка­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ата­уы
ПС
KZ-01/001
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні:
Пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
ТЖА (ком­мер­ци­я­лық ата­уы)
Пай­да­ла­ну­шы­ның ме­кен­жайы:
Те­ле­фон:
Факс:
E-mail:
Пай­да­ла­ну­да­ғы же­дел бай­ла­ныс:
Же­дел бас­шы­лық­пен де­реу бай­ла­ны­су­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін бай­ла­ныс ақ­па­ра­ты ______________ көр­се­ті­л­ген.
Осы сер­ти­фи­кат ___________________ қо­са бе­рі­ліп отыр­ған пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­рін­де ай­қын­дал­ған­дай, Ұшу­ды орын­дау жө­нін­де­гі нұс­қа­у­ға және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін пай­да­ла­ну­шы­ны сер­ти­фи­кат­тау және оған сер­ти­фи­кат бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес ком­мер­ци­я­лық әуе та­сы­мал­да­рын жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы бе­рі­л­ге­нін ку­әлан­ды­ра­ды.
Бе­рі­л­ген кү­ні:
Ла­у­а­зы­мы: (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған­да) қыз­ме­ті және қо­лы:
Мор­дін ор­ны
Уәкілетті ұйымның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)
А бөлігі - Жалпы ережелер

1

1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы ____________ № _______ бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшаға (I бөлім) сәйкес беріледі.

2 2. Пайдаланушы «________» ұшуды орындауға даярланған.

3 Ішкі және (немесе) халықаралық әуе желілерінде ұшу үшін:

3. Пайдаланушы «________» коммерциялық әуе тасымалдарын орындау үшін мынадай өндірушілер мен модельдердің әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Ішкі және (немесе) халықаралық әуе желілерінде ұшу үшін:
Өн­ді­ру­ші
Мо­де­лі
Ба­рын­ша жүк кө­те­рім­ді­лі­гі мен жо­ла­у­шы сый­ым­ды­лы­ғы
1
2
3
1-бағанда әуе кемесін өндіруші зауыт көрсетіледі;
2-бағанда әуе кемесінің үлгісі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда тоннамен немесе килограмммен көрсеткіш және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.
___________________________________ ____________________________________ ____________
(Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (қолы)
немесе оған уәкілеттік берген тұлға)
Мордін орны
Берілген күні: 20__ ж. «___» __________
Уәкілетті ұйымның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)
В бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (ұшақтар)
Бе­рі­ле­тін уәкі­лет­ті ұй­ым ту­ра­лы бай­ла­ныс ақ­па­ра­ты
Tе­ле­фон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________
ПС №: ____ Пай­да­ла­ну­шы ата­уы: _______________________ Кү­ні: ___________
Ком­мер­ци­я­лық ата­уы (бар бол­са) Қо­лы:_________
_________________________________ Мор­дін ор­ны
Әуе ке­ме­сі­нің мо­де­лі: Тір­кеу нө­мі­рі:
Ұшу түр­ле­рі: Ком­мер­ци­я­лық әуе та­сы­мал­да­ры: ☐Тұ­рақ­ты;
☐Тұ­рақ­ты емес; ☐Жо­ла­у­шы­лар; ☐Жүк­тер; ☐Өзге­лер ________________
Ұшу ауда­ны(-да­ры):
Ар­найы шек­те­улер:
Ар­найы рұқ­сат­тар:
Иә
Жоқ
Ар­найы бе­кі­ту­лер
Ес­керт­пе­лер
Қа­уіп­ті жүк­тер


Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау ИКАО Тех­ни­ка­лық нұс­қа­улық­та­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
На­шар кө­рі­не­тін жағ­дай­лар­да ұшу:
Қо­ну­ға бет алу және қо­ну;
Ұшып кө­те­рі­лу
Ке­ңей­ті­л­ген пай­да­ла­ну мүм­кін­дік­те­рі






САТ RVR: м.; DH м .(фут);
RVR:______ м
RVSM
☐Қол­да­ныл­май­ды


EDTO
☐Қол­да­ныл­май­ды


Шек­ті уа­қыт: _______ мин.
Қо­сал­қы әу­е­ай­лақ­қа дей­ін­гі ұшу­дың ең ұзақ уа­қы­ты: _______ мин.
PBN жағ­дай­ла­рын­да ұшу үшін на­ви­га­ци­я­лық ерекше­лік­тер


Ұшу жа­рам­ды­лы-ғын сақ­тау
EFB


Өзге­лер


Уәкілетті ұйымның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)
В/1 бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)
Бе­рі­ле­тін уәкі­лет­ті ұй­ым­ға ту­ра­лы бай­ла­ныс ақ­па­ра­ты
Tе­ле­фон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________
ПС №: ____ Пай­да­ла­ну­шы ата­уы: _______________________ Кұ­ні: ___________
Ком­мер­ци­я­лық ата­уы (бар бол­са) Қо­лы:_________
_________________________________ Мор­дін ор­ны
Әуе ке­ме­сі­нің мо­де­лі: Тір­кеу нө­мі­рі:
Ұшу түр­ле­рі: Ком­мер­ци­я­лық әуе та­сы­мал­да­ры: ☐Тұ­рақ­ты;
☐Тұ­рақ­ты емес; ☐Жо­ла­у­шы­лар; ☐Жүк­тер; ☐Өзге­лер ________________
Ұшу ауда­ны(-да­ры):
Ар­найы шек­те­улер:
Ар­найы рұқ­сат­тар:
Иә
Жоқ
Ар­найы бе­кі­ту­лер
Ес­керт­пе­лер
Қа­уіп­ті жүк­тер


Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау ИКАО Тех­ни­ка­лық нұс­қа­улық­та­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
На­шар кө­рі­не­тін жағ­дай­лар­да ұшу:
Қо­ну­ға бет алу және қо­ну;
Ұшып кө­те­рі­лу
Ке­ңей­ті­л­ген пай­да­ла­ну мүм­кін­дік­те­рі






САТ RVR: м.; DH: м. (фут);
Б бұлт.:___ м. (фут); Көр.: ___ м.;
PBN жағ­дай­ла­рын­да ұшу үшін на­ви­га­ци­я­лық ерекше­лік­тер


____ сы­нып­та­ғы ҰТС ті­кұ­шақ­та­ры­мен АҰҚ бой­ын­ша ұшу


Сырт­қы іл­мек­те­гі жүк­пен ұшу


Ұшу жа­рам­ды-лы­ғын сақ­тау
EFB


Өзге­лер

6 Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінім

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасына
Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
өтінім
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізуді сұраймын.
Ұшуды бастаудың жоспарланған күні: _____________________________
___________________________________________________________________
(өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жаңа пайдалану
жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі)
Басшы ________________________________________________________
(лауазымы / қолы / күні)

7 Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған құжаттардың тізбесі

Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау және
оған сертификат беру қағидаларына
7-қосымша
Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге арналған құжаттардың тізбесі

1 1. Әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінім мен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;

2 2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

2 2. Экипажсыз жалға алған әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

1 1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

2 2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

3 3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

4 4) әуе кемесін пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі.

3 3. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

Қолданыстағы