О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 159 "Об утверждении Правил представления администратором текущей и запрашиваемой информации о ходе осуществления реабилитационной процедуры и процедуры банкротства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 159 "Об утверждении Правил представления администратором текущей и запрашиваемой информации о ходе осуществления реабилитационной процедуры и процедуры банкротства"
- Атауы (қаз.)
- "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 637
- Қабылданған күні
- 09.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 98384_457148.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012784
- ЭКБ идентификаторы
- 98384
- Редакция идентификаторы
- 98384_457148
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:12
0 «Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 болып тіркелген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«
8
Әкімші тағайындалған күн
уақытша әкімші*
оңалту басқарушысы
* сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда толтырылмайды»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
«
33-1
Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні
»;
банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада:
«Мүлікті өткізу» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Мүліктің түрі (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)
Мүлік
Мүліктік кешен
Кәсіпорынды сату
».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;