О внесении дополнения в решение Мартукского районного маслихата от 10 июня 2015 года № 181 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Мартукского районного маслихата от 10 июня 2015 года № 181 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 23.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2016 100775_Some(99574).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CH004812
- ЭКБ идентификаторы
- 100775
- Редакция идентификаторы
- 100775_Some(99574)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:22
0 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4406, 2015 жылғы 9 шілдеде «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының 8 тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».