О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 10 июня 2015 года № 182-933 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача справки о наличии (отсутствии) в постоянном пользовании жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, гражданам, нуждающимся в жилище из жилищного фонда государственного предприятия либо государственного учреждения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 10 июня 2015 года № 182-933 «Об утверждении Регламента государственной услуги «Выдача справки о наличии (отсутствии) в постоянном пользовании жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, гражданам, нуждающимся в жилище из жилищного фонда государственного предприятия либо государственного учреждения»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182-1769
- Қабылданған күні
- 28.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2020 107288_477092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01069
- ЭКБ идентификаторы
- 107288
- Редакция идентификаторы
- 107288_477092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:39
0 «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе
мемлекеттік мекеменің тұрғын үй
қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға
тұрақты пайдалануында коммуналдық
тұрғын үй қорынан берілген тұрғын
үйдің немесе жергілікті атқарушы орган
жеке тұрғын үй қорынан жалдаған
тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы
анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
10 маусымдағы № 182-933 қаулысына
өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 242 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13933 болып тіркелген) негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 923 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы № 83 (3306) «Астана ақшамы» және 2015 жылғы 5 тамыздағы № 83 (3306) «Вечерняя Астана» газеттерде жарияланған) төмендегідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы» деген сөздер мен сандар «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
7 тармақтың 1) тармақшасындағы «көрсетілген қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;».
2
2. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.