О внесении изменения в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 10 сентября 2015 года № 186 «Виды и размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 10 сентября 2015 года № 186 «Виды и размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 186 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 31.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2019 133717_416015.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SL005516
- ЭКБ идентификаторы
- 133717
- Редакция идентификаторы
- 133717_416015
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 186 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 186 (2015 жылғы 26 қазанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3398 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» __________
№ «__» қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 186 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.
2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Тимирязев ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тимирязев ауданының ПБ) енгізеді.