Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 200 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан»

Бұйрық · № 754 · қабылданған 05.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-200-ekb-125756/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 200 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 754 ·05.11.2018
05.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 200 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 754 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 марта 2015 года № 200 «Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
754
Қабылданған күні
05.11.2018
Көрсетілген редакция
05.11.2018 125756_368376.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017703
ЭКБ идентификаторы
125756
Редакция идентификаторы
125756_368376
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:44

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10744 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» № 110 (28588) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы
10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін Ұлттық ұланның әскери оқу орындарында немесе шет мемлекеттің әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару тәртібін айқындайды;
2. Үлгермеушілігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату нәтижесінде əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.
Көрсетілген мән-жайлар әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіпте әскери бөлімдерге жіберілген курсанттарға қолданылмайды.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңін есепке алмай, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады;
3. Әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшi әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған жағдайда əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери қызметші мәртебесінде әскери оқу орнында оқыған кезеңде курсанттарды тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар өтейді.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

(Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 5 қарашадағы
№ 754 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының әскери қызметшілерін
оқытуға жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке өтеу
қағидаларына 1-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының Бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
«____»____________________
(күні)
р/с №
Шы­ғы­стар ата­уы
2
курс
3
курс
4
курс
Бар­лы­ғы
1
Оқи­тын әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің сти­пен­ди­я­сы
2
Әс­ке­ри қыз­мет­ші мәр­те­бе­сін­де әс­ке­ри оқу ор­нын­да оқуы ке­зе­ңін­де­гі жол жү­ру шы­ғы­ста­ры
3
Та­мақ­тан­ды­ру­мен қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған шы­ғын­дар
Жиы­ны
Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады,
одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
______________________________________ бастығы
әскери оқу орнының атауы
______________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)
_______________________________ қаржы бөлімінің (қызмет) бастығы
әскери оқу орнының атауы
М.О. ____________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 5 қарашадағы
№ 754 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланының әскери қызметшілерін
оқытуға жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке өтеу
қағидаларына 2-қосымша
Үлгі
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының
Бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
«____»____________________
(күні)
р /с

Шы­ғы­стар ата­уы
2
курс
3
курс
4
курс
5
курс
6
курс
Бар­лы­ғы
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бюд­же­ті есе­бі­нен оқи­тын әс­ке­ри қыз­мет­ші­ге тө­лен­ген сти­пен­дия
2
Әс­ке­ри қыз­мет­ші мәр­те­бе­сін­де әс­ке­ри оқу ор­нын­да оқу ке­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен тө­лен­ген жол жү­ру­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
3
Ше­тел оқу орын­да­рын­да оқу ке­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рін та­мақ­тан­ды­ру­мен қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған және қа­зақ­стан та­ра­пы өте­ген шы­ғын­дар
4
Ха­лы­қа­ра­лық ке­лі­сім­шар­ттар­да көз­дел­ген және қа­зақ­стан та­ра­пы тө­ле­ген өзге де шы­ғы­стар
Жиы­ны
Ескертпе: барлық шығыстар келісімшарттардың (шарттардың) және оларға қосымша келісімдердің көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлауға жауапты лауазымды адамдардың есептері-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін бюджет-қаржы басқармасы ұсынылады.
Бас қолбасшылықтың
Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
М.О. ______________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)
Бас қолбасшылықтың
Кадр және әскери білім басқармасының бастығы
___________________________________________
(әскери атағы, қолы)
«_____»_____________________
(күні)

Қолданыстағы