О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 212 «Об утверждении Соглашения по профилактике и тушению природных пожаров на приграничных территориях государств-участников Содружества Независимых Государств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 212 «Об утверждении Соглашения по профилактике и тушению природных пожаров на приграничных территориях государств-участников Содружества Независимых Государств»
- Атауы (қаз.)
- «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 212 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 247
- Қабылданған күні
- 03.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2019 131075_403583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000247
- ЭКБ идентификаторы
- 131075
- Редакция идентификаторы
- 131075_403583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:06
0 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 212 қаулысына толықтыру енгізу туралы
2013 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 212 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың жергілікті атқарушы органдары шекара маңы аймағын табиғи өрттерден бірлесіп қорғау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті (құзыретті) органдар болып айқындалсын.
1-2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етсін.».