Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года № 213 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Қаулы · № 92 · қабылданған 24.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-213/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года № 213 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок» Күшін жойған Қаулы ·№ 92 ·24.04.2018
17.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года № 213 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Күшін жойған Қаулы ·№ 92 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года № 213 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 213 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
24.04.2018
Көрсетілген редакция
17.07.2019 121645_416319.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18T0004149
ЭКБ идентификаторы
121645
Редакция идентификаторы
121645_416319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:43

0 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 10 шілдедегі № 213
«Архивтік анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентiн бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3276 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды немесе қағаз түрінде.
Порталда электрондық архивтік анықтама не сұратылған мәліметтердің болмауы туралы жауап беріледі.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.С.Сайлауоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы