О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 10 июня 2015 года № 234 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 10 июня 2015 года № 234 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 15.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2016 100564_154505.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CI004805
- ЭКБ идентификаторы
- 100564
- Редакция идентификаторы
- 100564_154505
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:31
0 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік
көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы» Мұғалжар
аудандық мәслихатының 2015 жылғы
10 маусымдағы № 234 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 шілдесінде аудандық «Мұғалжар» газетінің № 28 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
8 тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».