О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 10 июня 2015 года № 252 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 10 июня 2015 года № 252 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района»
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 «Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 528
- Қабылданған күні
- 30.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2022 148245_701520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CJ007577
- ЭКБ идентификаторы
- 148245
- Редакция идентификаторы
- 148245_701520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:02
0
Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 «Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 «Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4387 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».