Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/436 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Мангистауской области»

Өзге акт · № 7/98 · қабылданған 23.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-29436/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/436 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Мангистауской области» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/98 ·23.02.2017
28.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/436 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Мангистауской области»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/98 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/436 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/98
Қабылданған күні
23.02.2017
Көрсетілген редакция
28.08.2020 111126_478969.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17M0003310
ЭКБ идентификаторы
111126
Редакция идентификаторы
111126_478969
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:04

0 Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы

10 желтоқсандағы № 29/436 «Маңғыстау
облысы бойынша қоршаған ортаға
эмиссиялар үшін төлемақы
мөлшерлемелері туралы» шешіміне
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)» Кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2953 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.»;
келесідей мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту: АЕК – айлық есептік көрсеткіш.».

2

2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ А.Б. Тілегенов
«23» _02_ 2017 жыл
«Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрлігінің Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің Маңғыстау облысы
бойынша экология департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А.А. Сафин
«23» _02_ 2017 жыл
«Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ С.О. Сағынбаев
«23» _02_ 2017 жыл

Қолданыстағы