О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/440 «О Правилах содержания животных на территории населенных пунктов Бейнеуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/440 «О Правилах содержания животных на территории населенных пунктов Бейнеуского района»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 «Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/358
- Қабылданған күні
- 09.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2021 134207_527564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0003978
- ЭКБ идентификаторы
- 134207
- Редакция идентификаторы
- 134207_527564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:51
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 «Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 «Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10131 болып тіркелген), сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 10-11-257 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2952 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасында:
10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарды жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы олар белгіленген пунктке келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.»;
36 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«36. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар («Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Бейнеу ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.».
2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.