О внесении изменения в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/442 «О Правилах содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Каракиянского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/442 «О Правилах содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Каракиянского района»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/372
- Қабылданған күні
- 25.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2021 135741_527312.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0004007
- ЭКБ идентификаторы
- 135741
- Редакция идентификаторы
- 135741_527312
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:06
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/442 «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 10-11-312 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2937 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:
30 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«30. Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар («Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қарақия ауданының Полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.».
2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.