Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 321 «Об утверждении стандарта государственных услуг «Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию»

Бұйрық · № 295 · қабылданған 30.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-321/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 321 «Об утверждении стандарта государственных услуг «Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию» Күшін жойған Бұйрық ·№ 295 ·30.06.2016
15.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 321 «Об утверждении стандарта государственных услуг «Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 295 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 321 «Об утверждении стандарта государственных услуг «Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию»
Атауы (қаз.)
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
295
Қабылданған күні
30.06.2016
Көрсетілген редакция
15.03.2018 105272_314554.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014054
ЭКБ идентификаторы
105272
Редакция идентификаторы
105272_314554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:33

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»

2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы

10 сәуірдегі № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтіннің кіріспесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.»;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________________ Д. Абаев
2016 жылғы 30 маусым

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 295 бұйрығына қосымша
«Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің
бірінші басшысы
______________________________________
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
толық атауы және (немесе) ТАӘ
(болған жағдайда),
БСН және ЖСН (болған жағдайда)
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының
2-тармағына сәйкес
______________________________________________________________________________________
(мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,
іс-әрекеттің сипаттамасы)
қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруді сұраймын.
Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
______________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабы 1-тармағының
тармақшасы көрсетіледі)
негізінде ____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы (ТАӘ) (болған жағдайда) көрсетіледі)
Құжаттама
______________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 204-бабының тармағы көрсетіледі)
сәйкес қоса беріледі.
Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).
Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
Уәкілетті тұлғаның қолы.

Қолданыстағы