О внесении изменений в постановление акимата Енбекшильдерского района от 10 марта 2015 года № а-3/55 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Енбекшильдерского района от 10 марта 2015 года № а-3/55 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № а-3/55 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-6/139
- Қабылданған күні
- 27.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2019 113877_405439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BJ006034
- ЭКБ идентификаторы
- 113877
- Редакция идентификаторы
- 113877_405439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:40
0 Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № а-3/55 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Ақмола облысының білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 261 қаулысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № а-3/55 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 4696 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 09 маусымда жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 қосымшасындағы 31 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«31 Сәуле ауылы, Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің «Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта, Ақан Сері көшесі, 2Б құрылысы»;
қаулының 2 қосымшасындағы 31 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«31 Сәуле ауылы, Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің «Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Ақан Сері көшесі, 2Б құрылысы».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы А. Овсяников
« 27 » маусым 2017 жыл