О внесении дополнения в решение Лебяжинского районного маслихата от 10 апреля 2015 года № 4/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Лебяжинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Лебяжинского районного маслихата от 10 апреля 2015 года № 4/42 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Лебяжинского района»
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 4/42 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 86/15
- Қабылданған күні
- 30.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2019 113496_412288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PI005565
- ЭКБ идентификаторы
- 113496
- Редакция идентификаторы
- 113496_412288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:38
0 Лебяжі аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтiк
көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн
белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы» № 4/42
шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 4/42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 тіркелген, 2015 жылғы 16 мамырдағы аудандық «Аққу үні» - «Вести Акку» газеттерінде № 19 санында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
10-тармақтағы 4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағиданың 9-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санатына гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге 11 АЕК көлемінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасы негізінде.».