О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 10 апреля 2015 года № 5С-37/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 10 апреля 2015 года № 5С-37/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3 «Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-2/5
- Қабылданған күні
- 19.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2019 101939_386329.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BG005303
- ЭКБ идентификаторы
- 101939
- Редакция идентификаторы
- 101939_386329
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:32
0 Бұланды аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3
«Бұланды ауданында тұратын аз
қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихаттың «Бұланды ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырында «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 15 мамырында «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»
2 тармақ шешімінің қосымшасы мынадай мазмұнда баяндалсын:
«2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Бұланды аудандық бөлімінің филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкіметтің www.еgov.кz веб-порталы арқылы жүзеге асырады, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді».».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
К. Испергенов
19 сәуір 2016 жыл