Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 59 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 510 · қабылданған 06.08.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-59/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 59 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак» Қолданыста Бұйрық ·№ 510 ·06.08.2015
06.08.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 59 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Қолданыста Бұйрық ·№ 510 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 59 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
510
Қабылданған күні
06.08.2015
Көрсетілген редакция
06.08.2015 93505_63475.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012029
ЭКБ идентификаторы
93505
Редакция идентификаторы
93505_63475
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:47

0 «Болашақ» халықаралық стипендиясын

іске асырудың кейбір шаралары туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым Министрінің 2015 жылғы
10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 наурызда № 10406 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесінде*:
«6. Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар» деген бөлімде:
70-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
70
6
Спорттық медицина
магистратура
Жалпы медицина, Спорттық медицина, Травматология-ортопедия, Медициналық реабилитология, қалпына келтіре емдеу (физиотерапия, емдеу дене шынықтыруы), Токсикология, Гигиена және токсикология, Тамақтану гигиенасы, Диетология.
».

2 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы