Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Бұйрық · № 1301 · қабылданған 29.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-646-ekb-136820/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов» Қолданыста Бұйрық ·№ 1301 ·29.11.2019
29.11.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1301 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Атауы (қаз.)
«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1301
Қабылданған күні
29.11.2019
Көрсетілген редакция
29.11.2019 136820_431985.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019711
ЭКБ идентификаторы
136820
Редакция идентификаторы
136820_431985
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:34

0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Этил спирті мен шарап материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) «Есепке алу-бақылау таңбаларды, акциздік таңбаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» ақпараттық жүйе (бұдан
әрі – ақпараттық жүйе), сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан
әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан
әрі – мемлекеттік кірістер органы) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру үшін өтініш береді.
Дербес сәйкестендіру нөмір-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш беруші ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16437 болып тіркелген) Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініш береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы