Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Бұйрық · № 1157 · қабылданған 10.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2015-no-646-ekb-160127/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов» Қолданыста Бұйрық ·№ 1157 ·10.11.2021
10.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1157 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Атауы (қаз.)
«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1157
Қабылданған күні
10.11.2021
Көрсетілген редакция
10.11.2021 160127_544863.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025116
ЭКБ идентификаторы
160127
Редакция идентификаторы
160127_544863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:02

0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 10 қарашадағы № 1157
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын этил спирті және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) беру тәртібін айқындайды.

2

2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және/немесе толысылған шарап, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) беріледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

1 1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа:

этил спирті және/немесе толысылған шарап өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спирті және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтінішті;

2 2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа):

«Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.

5

5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

6 6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қағаз тасымалдағышта құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер «Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші дербес сәйкестендіру нөмір-кодының беруін мынадай:

1

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

2 2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь (сыра қайнату өнімінен басқа) өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

8 8. Осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.

9 9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

10 10. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруді ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

12 12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

13 13. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жүргізеді.

Шешімі әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе олардың лауазымды тұлғаға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1.1 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_____________________бойынша
(облыс/қала)
Мемлекеттік кірістер органының басшысына
_____________________________
20__ жылғы «____» ____________
Субъектінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субект типі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

Өн­ді­ру­ші­нің (им­порт­та­у­шы­ның) ата­уы
Өнім­нің тү­рі
Өнім­нің ата­уы
1
2
3
4
Басшы __________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

1.2 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Мұ­най өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өн­ді­ру­ші­лер­ге (им­порт­та­у­шы­лар­ға), сон­дай-ақ ак­ц­и­з­де­ле­тін өнім­дер­дің кей­бір түр­ле­рін, авиа­ци­я­лық отын мен ма­зут өн­ді­ру­ші­лер мен им­порт­та­у­шы­лар­дың та­у­ар­ла­ры­на дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін (ДСН-код) бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің об­лы­стар, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
«Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мір-кодын бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де
6
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00–ден 14.30–ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00–ден 18.30–ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ал­дын ала жа­зы­лу та­лап етіл­мей­ді, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту көз­дел­ме­ген;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі, ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Қа­был­дау элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу ор­ны бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жүр­гі­зі­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) этил спир­ті және/неме­се то­лы­сы­л­ған ша­рап­қа:
этил спир­тіне және/неме­се то­лы­сы­л­ған ша­рап­қа дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мір-код­та­рын бе­ру­ге ар­нал­ған өті­ніш;
2) ал­ко­голь өні­міне (сы­ра қай­на­ту өнім­де­рі­нен бас­қа):
есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын алу­ға ар­нал­ған өті­ніш.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден:
1) «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 88-ба­бы­на сәй­кес, са­лық са­лу объ­ек­ті­ле­рі­нің және (неме­се) са­лық са­лу­ға бай­ла­ны­сты объ­ек­ті­лер­дің ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын са­лық тө­ле­у­ші ре­т­ін­де тір­кеу есе­біне қой­ыл­ма­ған;
2) этил спир­тіне және/неме­се то­лы­сы­л­ған ша­рап­қа, ал­ко­голь өні­міне (сы­ра қай­на­ту өнім­де­рі­нен бас­қа) дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мір-код­та­ры болған жағ­дай­лар бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
«Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де бел­гі­лен­ген өз-өзіне қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен қоз­ға­лу­ды, бағ­дар жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар қа­был­да­уды 1414, 8 800 080 777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша шы­ға оты­рып, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­кер­ле­рі жүр­гі­зе­ді (мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ке­зін­де).

1.3 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан (қажеттінің астын сызу керек):
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.
Жоқ құжаттардың атауы:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)….
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) ________________________________________________
(қолы)
Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________
Телефон __________
Алдым:
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / қолы
20__ жылғы «___» _________

1.4 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
ДСН-кодтарының құрылымы мынадай схемада көрсетіледі:
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімдерінен басқа) өндіретін (импорттайтын) заңды (жеке) тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – өнімнің түрі.
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.

Қолданыстағы