О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
- Атауы (қаз.)
- «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 29.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2025 206902_743276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035697
- ЭКБ идентификаторы
- 206902
- Редакция идентификаторы
- 206902_743276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:16
0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакция жазылсын:
«Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-тармағының 1-3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 669-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакция жазылсын:
«Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-3) тармақшасына және және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 669-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірілетін және импортталатын этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібін айқындайды.»;
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер байланысы және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі