О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 72 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 72 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1489
- Қабылданған күні
- 24.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2024 205095_742506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24B0001489
- ЭКБ идентификаторы
- 205095
- Редакция идентификаторы
- 205095_742506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:30
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10432 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) механикалық көлік құралы – электр самокатты, шағын электр көлік құралы мен рельсте жүретін көлік құралын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым сонымен қатар жол қозғалысына қатысқан кезде трактор мен өздігінен жүретін машинаға қолданылады;».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;