О внесении изменений в постановление акимата от 10 июня 2016 года № 267 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере и сфере жилищно-коммунального хозяйства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 10 июня 2016 года № 267 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере и сфере жилищно-коммунального хозяйства»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 267 «Әлеуметтік-еңбек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 461
- Қабылданған күні
- 21.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 115271_438976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17N0007247
- ЭКБ идентификаторы
- 115271
- Редакция идентификаторы
- 115271_438976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:50
0 Әкімдіктің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 267 «Әлеуметтік-еңбек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 267 «Әлеуметтік-еңбек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6522 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Ұлттык экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.»;
6-тармақта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің толтырылуының дұрыстығы мен ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 5 (бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;»;
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға жібереді;».
мемлекеттік қызмет көрсетудің көрсетілген регламентінің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Әкімдіктің
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 461 қаулысына
қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы