О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 февраля 2016 года № 338 «О некоторых вопросах приватизации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 февраля 2016 года № 338 «О некоторых вопросах приватизации»
- Атауы (қаз.)
- «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 792
- Қабылданған күні
- 23.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2021 112540_536869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0005860
- ЭКБ идентификаторы
- 112540
- Редакция идентификаторы
- 112540_536869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:02
0 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар жекешелендірілсін.»;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қорқыт Ата әуежайы»
акционерлік қоғамының президенті
__________________ Ни К.Б.
2017 жылғы «23» мамыр
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «23» мамырдағы
№ 792 қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 10 ақпандағы
№ 338 қаулысына
қосымша
Жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік
кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесі
№ р/с
Атауы
Іске асыру мерзімі
Жекешелендіру түрі
1.
Мүліктік кешен ретінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қыркүйек
2016 жыл
тендер
2.
Мүліктік кешен ретінде «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
қараша
2017 жыл
кейіннен сатып
алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру
3.
«Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі
қараша
2020 жыл
тендер
4.
«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі
қараша
2020 жыл
тендер
5.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесі
қараша
2020 жыл
тендер
6.
«Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының 100 % акциясы
қараша
2018 жыл
мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында