Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 345 «Об утверждении Правил подготовки к миротворческой операции»

Қаулы · № 373 · қабылданған 14.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2016-no-345/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 345 «Об утверждении Правил подготовки к миротворческой операции» Қолданыста Қаулы ·№ 373 ·14.05.2024
14.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 345 «Об утверждении Правил подготовки к миротворческой операции»

Қолданыста Қаулы ·№ 373 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 345 «Об утверждении Правил подготовки к миротворческой операции»
Атауы (қаз.)
«Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
373
Қабылданған күні
14.05.2024
Көрсетілген редакция
14.05.2024 196671_701979.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000373
ЭКБ идентификаторы
196671
Редакция идентификаторы
196671_701979
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:34

0 «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.»;
17-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық контингентті қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін байланыс саласындағы уәкілетті органға;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ұлттық контингентті және жүкті бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін көлік саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2024 жылғы «___»___________
№ ___ қаулысына
қосымша
Бітімгершілік операцияға
дайындық қағидаларына
қосымша
Нысан
Бітімгершілік операцияға қатысу туралы келісімшарттың үлгілік нысаны
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы, орналасқан орны)
_________________________________________________________________
атынан
__________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның)
___________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
және азамат
___________________________________________________________________
(бітімгершілік операцияға қатысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – азамат)
___________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні)
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
заңнамада және осы келісімшартта белгіленген шарттарда ______ мерзімге
бітімгершілік операцияға қатысу туралы осы келісімшартты жасасты.

1 1. Бітімгершілік операцияға ерікті негізде қатысатын азамат

______________________________ лауазымына тағайындалады, Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексінде, «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген шарттармен танысты және оған бітімгершілік операцияның
зиянды және қауіпті жағдайы туралы, сондай-ақ міндеттерді орындауға байланысты
құқығының шектелетіні туралы ескертілді.

2 2. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға;

2 2) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдауға;

3 3) келісімшарт қолданылатын кезеңде бітімгершілік операцияға қатысу барысындағы міндеттерін адал орындауға;

4 4) еңбек тәртібін және қызметтік әдеп қағидаларын сақтауға;

5 5) лауазымдық міндеттерді орындау процесінде мемлекеттік мүлікке залал келтіруге жол бермеуге;

6 6) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде бітімгершілік операцияға қатысуы тоқтатылғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге;

7 7) берілген өкілеттіктер шегінде командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды тұлғалар берген бұйрықтар мен өкімдерді орындауға міндетті.

3 3. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын пайдалануға;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай, заттай және басқа да ризық түрлерімен қамтамасыз етілуге;

3 3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шарттарда уәкілетті мемлекеттік органмен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бітімгершілік қызмет барысында міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;

5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдік, кепілдік пен өтемақы алуды қоса алғанда, бітімгершілік қызметке байланысты құқығының және отбасы мүшелері құқығының сақталуына құқылы.

4 4. _____________________________________________________________

(уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның) атауы)
азамат _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бітімгершілік операцияға қатысу үшін қабылдай отырып:

1 1) азаматқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

2 2) осы келісімшартты жасау кезінде азаматты Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымдық міндеттерімен және бітімгершілік қызмет шарттарымен таныстыруға;

3 3) азаматқа бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда өтелуін қамтамасыз етуге;

4 4) бітімгершілік операцияға қатысатын адамды бітімгершілік қызметтің зиянды және қауіпті жағдайы туралы және кәсіптік ауруға шалдығу ықтималдығы, сондай-ақ бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындауға байланысты құқығының шектелетіні туралы ескертуге;

5 5) бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығаруға міндеттенеді.

5 5. Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:

1 1) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттарда азаматпен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;

2 2) келісімшарт жасасу кезінде бітімгершілік операцияға қатысатын адамнан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;

3 3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

6 6. Осы келісімшарт бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күшіне енеді және жасалған мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бұзылуына байланысты қолданысын тоқтатады.

7 7. Тараптар келісімшарт талаптарын орындауға міндетті болып табылады, тараптардың дауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

8 8. Келісімшарт мемлекеттік тілде және орыс тілінде ______ данада жасалды, бір данасы бітімгершілік операцияға қатысатын адамға беріледі.

9 9. Қосымша шарттар ____________________________________________________

______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_________________________________ ________________________________
(бітімгершілік операцияға қатысатын
адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
(мемлекеттік органның (ұйымның)
уәкілетті лауазымды тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
М.О.
20__ ж. «___»___________ 20__ ж. «___»___________
Келісімшарт _____________________________________________________________
(тоқтатылған күні және негізі)
________________________________________________________________________
___________________________________________________ қолданысын тоқтатты.
М.О. ___________________________________________________________
Мемлекеттік органың (ұйымның) басшысы
_______________________________

Қолданыстағы