О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях"
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 31.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2019 106336_390049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005603
- ЭКБ идентификаторы
- 106336
- Редакция идентификаторы
- 106336_390049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:55
0 «Қызылорда облысы азаматтарының
жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде тегін және жеңілдікті
шарттармен дәрілік заттарды қосымша
беру туралы» Қызылорда облыстық
мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы
№ 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 31 тамыздағы №55 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен
қосымша берілетін дәрілік заттар
№
Ауру түрі
Халық санаты
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)
1
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100 мг
- ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады)
2
Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы
II, III, IV сатысы
- Силденафил 50 мг
- Бозентан 125 мг
3
Аяқтың эмболиясы және тромбозы
Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда
- Ривароксабан 10 мг
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг – миллиграмм