О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 24.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2019 115848_390045.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0006014
- ЭКБ идентификаторы
- 115848
- Редакция идентификаторы
- 115848_390045
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:32
0 «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Сыр бойы» №42 және «Кызылординские вести» №42 газеттерінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы»
аталған шешімнің 1-тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін»;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы 24 қазандағы
№ 144 шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін
берілетін дәрілік заттар
№
Ауру түрі
Халық санаты
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)
1
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100мг, 200 мг
- ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады)
2
Идиопатикалық және екіншілік
өкпе артериясының гипертензиясы
II, III, IV сатысы
- Силденафил 25 мг, 50 мг
- Бозентан 125 мг
3
Аяқтың эмболиясы және тромбозы
Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда
- Ривароксабан 10 мг, 20 мг
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг
4
Ювенильді идиопатиялық артрит
Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану
- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді
40 мг/0,8 мл
5
Буллезды эпидермолиз
Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту
- Таңып-байлау материалдары
Аббревиатураның толық жазылуы: мг – миллиграмм, мл - миллилитр