О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 347 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2019 121039_390047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18L0006262
- ЭКБ идентификаторы
- 121039
- Редакция идентификаторы
- 121039_390047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:06
0 «Қызылорда облысы азаматтарының
жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде тегін дәрілік заттарды
қосымша беру туралы» Қызылорда
облыстық мәслихатының 2016 жылғы
10 ақпандағы № 347 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2018 жылғы «29» наурыз № 190 шешіміне
қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешімімен
бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін
берілетін дәрілік заттар
№
Ауру түрі
Халық санаты
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)
1
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
- Тобрамицин (ингаляциялық нысан) 300 мг/5мг, ұнтақ
ингаляцияға арналған капсуладағы 28 мг;
- Ацетилцистеин 100мг, 200 мг;
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді
зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады);
2
Идиопатикалық және екіншілік
өкпе артериясының гипертензиясы
II, III, IV сатысы
- Силденафил
25 мг,
50 мг;
- Бозентан 125 мг;
3
Аяқтың эмболиясы және тромбозы
Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда
- Ривароксабан
10 мг,
20 мг;
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг;
4
Ювенильді идиопатиялық артрит
Ауру балалардың, аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану
- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді
40 мг/0,8 мл;
5
Буллезды эпидермолиз
Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту
- Таңып-байлау материалдары,
санитарлық гигиенаға арналған зат (сабын)
мамандандырылған қорек;
6
Бехчет ауруы
- Инфликсимаб 100 мг;
7
Целиакия
Ағзадағы туа біткен фермент жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты
- Панкреатин
10000 ЕД/150 мг;
- Панкреатин
25000 ЕД/300 мг;
8
Туа пайда болған гиперинсулинизм
Ағзадағы туа біткен гормонды алмастырушы жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты
- Октреотид 0,1мг/мл.
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг - миллиграмм
мл - миллилитр