О внесении изменения в решение Зерендинского районного маслихата от 10 июня 2016 года № 4-27 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Зерендинского районного маслихата от 10 июня 2016 года № 4-27 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 «Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37-266
- Қабылданған күні
- 15.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2020 131797_475428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BN007206
- ЭКБ идентификаторы
- 131797
- Редакция идентификаторы
- 131797_475428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:57
0 Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 «Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зеренді аудандық мәслихаттың «Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде «Зерделі-Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1. Зеренді ауылында митингілер, жиналыстар өткізу орындары болып белгіленсін:
аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Тәуелсіздік көшесі, 40; алаң, Гагарин көшесі, 30.
Зеренді ауылында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1 1) Ілиясов және Әуезов көшелері қиылысынан, Ілиясов, Фрунзе, Тәуелсіздік көшелері бойынша орталық аланға дейін;
2 2) орталық алаңнан Тәуелсіздік, Фрунзе, Чапаев көшелері бойынша Естелік обелискіге дейін.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімдігі