О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июня 2016 года № 486 «О некоторых вопросах исполнения бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июня 2016 года № 486 «О некоторых вопросах исполнения бюджета»
- Атауы (қаз.)
- «Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 13.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2021 137210_536875.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0007028
- ЭКБ идентификаторы
- 137210
- Редакция идентификаторы
- 137210_536875
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0 «Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 шілдеде, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі он бесінші жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері»;
реттік нөмірі жиырма алтыншы жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден қайтару»;
«Уәкілетті органдар» бағанындағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті» ММ» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Полиция департаменті» ММ» деген сөздермен ауыстырылсын.