Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»

Бұйрық · № 674 · қабылданған 27.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2016-no-611-ekb-125377/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны» Қолданыста Бұйрық ·№ 674 ·27.09.2018
27.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»

Қолданыста Бұйрық ·№ 674 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
674
Қабылданған күні
27.09.2018
Көрсетілген редакция
27.09.2018 125377_362518.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017580
ЭКБ идентификаторы
125377
Редакция идентификаторы
125377_362518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:04

0 «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13905 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар,
өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) сақтау және беру қоймаларының орны кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халықтың жұмыс жасайтын жəне тұратын жерлеріне барынша жақын жерлерде орналасады.
5-2. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газтұмшалар, балаларға арналған қорғаныш камералары, респираторлар) әкімшілік ғимараттарда және оқу мекемелерінде ғимарат иесімен келісу бойынша сақтауға рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:
«26-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі бойынша жеке қорғану құралдары (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) халыққа олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда тұрғылықты жері бойынша сақтауға беріледі.
26-2. Халыққа жауапты сақтауға берілген жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) азаматтық қорғаныстан құлақтандыру сигналын алған және төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе туындауы кезінде халық өздігімен қолданады.
Азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері «Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.»;
Мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-тармақтармен толықтырылсын:
«46-1. Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалған;
46-2. Азаматтық қорғаныс мүлкі қазіргі уақыттағы нақты объект үшін қажеттілікті есепке ала отырып жаңартылады (жаңғыртылады).»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісі негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісі жасалады.»;
5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 674 бұйрығына
1- қосымша
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
5-қосымша
Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі

Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың ра­ди­а­ци­я­лық, хи­ми­я­лық қор­ғау құ­рал­да­ры­ның ата­уы
Шек­ті сақ­тау мер­зі­мі (жыл)
1
Сүз­гіш газ­қа­ғар­лар (аза­мат­тық, ба­ла­лар­ға ар­нал­ған) (ГП-7, ГП-9, ПДФ-Д (Ш) және ПДФ-2Д (Ш) тү­рін­де­гі)
25
2
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған қор­ғау ка­ме­ра­ла­ры
(КЗД-4, КЗД-6 тү­рін­де­гі)
25
3
Қо­сым­ша па­трон­дар (ДПГ-3 тү­рін­де­гі)
25
4
Мөл­шер қу­а­тын өл­ше­гіш­тер (ДП-5, ИМД-5 тү­рін­де­гі)
25
5
Же­ке до­зи­метр­лер­дің жиын­тық­та­ры (ДП-22В, ДП-24, ИД-1 тү­рін­де­гі)
25
6
Хи­ми­я­лық бар­лау ас­пап­та­ры (ВПХР, МПХР, ПХР-МВ тү­рін­де­гі)
25
7
Мы­на түр­де­гі ин­ди­ка­тор тү­тікте­рі:
ИТ-44 (қы­зыл са­қи­на­лы және қы­зыл нүк­те­лі)
3
ИТ-45 (са­ры са­қи­на­лы)
8
ИТ-36 (үш жа­сыл са­қи­на­лы)
6
8
Же­ке хи­ми­я­ға қар­сы па­ке­ті (ИПП-8 тү­рін­де­гі)
25
9
Қо­рек эле­мент­те­рі (А-336 (А-343) тү­рін­де­гі)
1,5
10
Қо­рек эле­мент­те­рі (145-У (1,6 ПМЦ-У-8) тү­рін­де­гі)
2
11
Зерт­ха­на (МПХЛ, ПХЛ-54 және та­ғы бас­қа тү­рін­де­гі)
25
12
Оқ­ша­у­ла­у­ыш газ­қа­ғар­лар (ИП-4м, ИП-5 тү­рін­де­гі)
25
13
Ре­спи­ра­тор­лар (Р-2 және т.б. тү­рін­де­гі)
8
14
Ре­ге­не­ра­тив­ті па­трон­дар (РП-4 тү­рін­де­гі)
12
15
Қор­ға­ну пла­щта­ры
25
16
Қор­ға­ну шұлық­та­ры
25
17
Қор­ға­ну қол­ғап­та­ры
25
18
Қор­ға­ну ко­стюм­де­рі (Л-1 тү­рі)
25
19
Сі­ңір­гіш сүз­гі­лер (ФПУ-300 ФПУ-200,
ФПУ-100 тү­рін­де­гі)
20
20
Бар­лық түр­де­гі газ­сыздан­ды­ру жиын­тық­та­ры
30
21
Ме­те­ожиын­тық­тар (МК-2, МК-3 тү­рін­де­гі)
30
22
Қор­шау бел­гі­ле­рі­нің жиын­тығы (КЗО-1, КЗО-2 тү­рін­де­гі)
30
23
Газ­қа­ғар­лар­ды тех­ни­ка­лық тек­се­ру ша­тыр­ла­ры
25
24
Же­ке хи­ми­я­ға қар­сы па­кет­тер
30
25
Сүз­гі ал­дын­да­ғы сүз­гі­лер (ПФП-1000, ПФ-300 тү­рін­де­гі)
20
26
Сі­ңір­гіш сүз­гі­лер (ФГ-70 тү­рін­де­гі)
15
27
Ре­ге­не­ра­тив­ті па­трон­дар (РП-100, РУ-150/6 тү­рін­де­гі)
20
28
Өл­шеу құ­рал­да­ры (ИУ тү­рін­де­гі)
25
29
Ра­дио­метр­лік ап­па­ра­ту­ра (КР­БГ-1 және та­ғы бас­қа тү­рін­де­гі)
25
30
Ұн­тақ (СФ-2У тү­рін­де­гі)
30

2 Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға тапсыру АКТІСІ №

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 674 бұйрығына
2-қосымша
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
6-қосымша
Нысан
____________________________
(Ұйымның атауы)
БЕКІТЕМІН
Басшы
____________________________
(ТАӘ (болған жағдайда))
20___жылғы «__» _________
Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға тапсыру
АКТІСІ №
Негіз: _____ жылғы «___» _________№____ есептен шығару актісі
Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты
адамы _____________ _________________________
(лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))
Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы
_____________ __________________________
(лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))
Азаматтық қорғаныс мүлкінің тізбесі
Р/с №
Аза­мат­тық қор­ға­ныс мүл­кі­нің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Тү­ген­деу нө­мі­рі
Пар­тия нө­мі­рі
Пар­тия са­ны
Пар­ти­яда­ғы са­ны
Тең­ге­де­гі бір­лік ба­ға­сы
Тең­ге­де­гі со­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
10
11
12
Барлығы ________________________ дана кәдеге жаратуға жатады
(жазумен)

Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты
адамы ___________________________________ 20__ жылғы «__»_____________
(жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))
Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы
____________ ________________________ 20__жылғы «__» ______________
(жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))
Актіні бекіткеннен кейін санамаланған азаматтық қорғаныс мүлкі кәдеге жаратар
алдында актідегі жазбамен салыстыра тексерілді және мынадай жолмен толық
кәдеге жаратылды.
_______________________________________________________________________
20___жылғы «__» ____________

Қолданыстағы