Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 10 июля 2017 года № 15/5 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Темиртау»

Ереже · № 8/4 · қабылданған 19.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2017-no-155/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 10 июля 2017 года № 15/5 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Темиртау» Қолданыста Ереже ·№ 8/4 ·19.09.2023
19.09.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 10 июля 2017 года № 15/5 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Темиртау»

Қолданыста Ереже ·№ 8/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 10 июля 2017 года № 15/5 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Темиртау»
Атауы (қаз.)
Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 «Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8/4
Қабылданған күні
19.09.2023
Көрсетілген редакция
19.09.2023 186248_654098.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KC648509
ЭКБ идентификаторы
186248
Редакция идентификаторы
186248_654098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:45

0 Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 «Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 «Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық атілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4320 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
Көрсетілген шешіммен бекітілген Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Осы Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
7 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.»;
10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.»;
11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.»;
13 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Төменгі бөлігінде қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы