Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Аральского района от 10 октября 2017 года № 161-қ «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»

Қаулы · № 119-қ · қабылданған 29.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2017-no-161/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Аральского района от 10 октября 2017 года № 161-қ «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка» Қолданыста Қаулы ·№ 119-қ ·29.08.2019
29.08.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Аральского района от 10 октября 2017 года № 161-қ «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»

Қолданыста Қаулы ·№ 119-қ · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Аральского района от 10 октября 2017 года № 161-қ «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Атауы (қаз.)
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119-қ
Қабылданған күні
29.08.2019
Көрсетілген редакция
29.08.2019 134705_420789.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LC006909
ЭКБ идентификаторы
134705
Редакция идентификаторы
134705_420789
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:38

0 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 161-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6000 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
полиция департаменті Арал ауданының
полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен

3 Арал ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «29» тамыздағы № 119-қ қаулысына
қосымша
Арал ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «10» қазандағы № 161-қ қаулысына
қосымша
Арал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Арал ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Арал ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.

4 4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.

5 5. Комиссия қабылдаған шешiм –көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы