О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Зайсан от 10 ноября 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Бакытжан» Зайсанского городского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Зайсан от 10 ноября 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Бакытжан» Зайсанского городского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Зайсан қала округінің «Бакытжан» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 5 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2018 118525_288256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VKI05457
- ЭКБ идентификаторы
- 118525
- Редакция идентификаторы
- 118525_288256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:09
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Зайсан қала округінің «Бакытжан» шаруа
қожалығына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» Зайсан қаласы
әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы
№ 5 шешімнің күші жойылды
деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 415 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің «Бақытжан» шаруа қожалығының шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. «Зайсан қала округінің «Бақытжан» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5296 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.