О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 829
- Қабылданған күні
- 25.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2019 134995_422512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019427
- ЭКБ идентификаторы
- 134995
- Редакция идентификаторы
- 134995_422512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:24
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте жариялаған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй комиссиясы мынадай мәселелерді қарайды:
1) әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын жайға мұқтаж деп тану;
2) әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй беру;
3) әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау;
4) әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру;
5) бұған дейін жалға берілген қызметтік тұрғын үйді айырбастау;
6) қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген өзге де мәселелер.
10. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәселелерді қарауды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
11. Тұрғын үй комиссиясы айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Егер тұрғын үй комиссиясының отырысына тұрғын комиссиясының мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.».