Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан»

Бұйрық · № 10 · қабылданған 10.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2017-no-548-ekb-177977/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 10 ·10.01.2023
10.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 10 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
10.01.2023
Көрсетілген редакция
10.01.2023 177977_616787.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031704
ЭКБ идентификаторы
177977
Редакция идентификаторы
177977_616787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:43

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына

өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жанынан құрылатын, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық органдар болып табылады.»;
5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар:
әлеуметтік жұмысты жетекшілік ететін орынбасарды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (әскери бөлім командирінің құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі);
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшысы;
жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы (пәтер-пайдалану қызметінің бастығы);
мемлекеттік мекеменің өкілдері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары болып әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары тағайындалады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы