О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии МВД Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 августа 2017 года № 548 «Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Национальной гвардии МВД Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 678
- Қабылданған күні
- 11.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2025 214184_777633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C0000678
- ЭКБ идентификаторы
- 214184
- Редакция идентификаторы
- 214184_777633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:21
0 «Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кірісіпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы немесе оның орынбасарларының бірі болып табылады.
7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін қызмет басшысы болып табылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;