О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8/76
- Қабылданған күні
- 15.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2021 159680_542042.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21MB00876A
- ЭКБ идентификаторы
- 159680
- Редакция идентификаторы
- 159680_542042
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:20
0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3583 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
4 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызметтердің мінез-құлық индикаторлары
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 8/76 шешіміне қосымша
«Жаңаөзен қалалық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 4 - қосымша
Қызметтердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты
Тиімді мінез-құлық индикаторлары
Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары
ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ
E-2
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
● Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
● Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
● Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; ● Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді; ● Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді; ● Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.
E-4
● Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
● Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді;
● Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
● Белгіленген мерзімдерді сақтайды.
● Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
● Сапасыз құжаттар әзірлейді;
● Жедел жұмыс жасамайды;
● Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.
ЫНТЫМАҚТАС
ТЫҚ
E-2
● Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
● Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
● Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
● Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.
● Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
● Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
● Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
● Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.
E-4
● Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
● Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
● Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.
● Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
● Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
● Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
E-2
● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
● Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
● Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
● Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.
● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
● Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
● Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
● Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.
E-4
● Қажетті мәліметтерді таба алады;
● Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
● Өзінің пікірін негіздей алады.
● Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
● Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
● Негізсіз пікір білдіреді.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ
E-2
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
● Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды;
● Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
● Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасамайды;
● Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.
E-4
● Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
● Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;
● Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.
● Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
● Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
● Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАН
ДЫРУ
E-2
●Бағыныстағылар
ды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
● Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;
● Қызмет тұтынушылары
ның пікірін құрметтейді.
●Бағыныстағылар
мен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
● Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
● Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.
E-4
● Қызмет алушыларды ақпараттандыру
дың тиімді тәсілдерін қолданады;
● Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.
● Қызмет алушыларды ақпараттандыру дың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
● Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.
ЖЕДЕЛДІЛІК
E-2
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
● Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
● Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
● Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
● Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.
E-4
● Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
● Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
● Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
● Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.
● Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
● Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
● Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
● Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ
E-2
●Бағыныстылар
дың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
● Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
●Бағыныстылар
мен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.
●Бағыныстылар
дың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
● Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстылары ның құзыреттерін дамытпайды;
●Бағыныстылар
мен олардың құзыреттерін талқыламайды.
E-4
● Жаңа білімдер мен технологиялар
ға қызығушылық танытады;
● Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
● Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.
● Жаңа білімдер мен технологиялар
ға қызығушылық танытпайды;
● Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
● Өзінде бар дағдылармен шектеледі.
АДАЛДЫҚ
E-2
● Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
● Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
● Жұмыста табандылық танытады;
● Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
●Бағыныстылар
дың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
● Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
● Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
● Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
● Жұмыста табандылық танытпайды;
● Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмай
ды;
●Бағыныстылар
дың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.
E-4
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
● Өзінің жұмысын адал орындайды;
● Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
● Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
● Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады;
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ
E-2
● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
E-4
● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
E-2
● Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.
● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.
E-4
● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.
● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.
БАСТАМАШЫЛ
ДЫҚ
E-2
● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.
● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.
E-4
● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.
● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.