Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 июля 2018 года № 23/207–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 39/317-VI · қабылданған 28.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2018-no-23207vi/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 июля 2018 года № 23/207–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 39/317-VI ·28.10.2019
30.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 июля 2018 года № 23/207–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 39/317-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата от 10 июля 2018 года № 23/207–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/317-VI
Қабылданған күні
28.10.2019
Көрсетілген редакция
30.12.2020 136156_508650.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VJ006290
ЭКБ идентификаторы
136156
Редакция идентификаторы
136156_508650
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:04

0 Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 26, 49 баптарына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 23/207-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-10-148 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі 2018 жылы 9 тамызда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6 тармақтың 4) тармақшасы, 7 тармақтың 14) тармақшасы, 8 тармақтың екінші абзацы, 1, 2 және 3 қосымшалар алынып тасталсын;
16-тармақтың 3)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

3

«3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;»;

19 19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

19

«19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы