Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 489 «Об утверждении Правил формирования и ведения Реестра групп лиц»

Бұйрық · № 259 · қабылданған 04.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2018-no-489/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 489 «Об утверждении Правил формирования и ведения Реестра групп лиц» Қолданыста Бұйрық ·№ 259 ·04.08.2022
04.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 489 «Об утверждении Правил формирования и ведения Реестра групп лиц»

Қолданыста Бұйрық ·№ 259 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 489 «Об утверждении Правил формирования и ведения Реестра групп лиц»
Атауы (қаз.)
«Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
259
Қабылданған күні
04.08.2022
Көрсетілген редакция
04.08.2022 170433_586458.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029032
ЭКБ идентификаторы
170433
Редакция идентификаторы
170433_586458
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:45

0 «Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1 1. «Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
2, 3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Тұлғалар тобының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастырылатын, Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесі;
2) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдарды бақылайтын заңды тұлға (бұдан әрі – Өтініш беруші) тұлғалар тобын Тізілімге енгізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тұлғалар тобын Тізілімге енгізуге арналған өтінішті;
2) тұлғалар тобының мүдделерін білдіретін Өтініш берушінің құрылтай құжаттарын;
3) заңды тұлғаның жарғысын, шетелдік заңды тұлға үшін сауда тізілімінен үзінді көшірмені немесе тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бір тұлғалар тобының құрамына кіретінін растайтын басқа құжатты;
4) Өтініш берушінің тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың мүдделерін білдіру құқығын растайтын сенімхатты немесе шартты.
4. Өтініш берушінің өтініші мыналарды қамтиды:
1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;
2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы