О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Коскольского сельского округа Иртышского района от 10 октября 2019 года № 1-22-2 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кызылкак Коскольского сельского округа Иртышского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Коскольского сельского округа Иртышского района от 10 октября 2019 года № 1-22-2 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кызылкак Коскольского сельского округа Иртышского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы «Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-22-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-22-3
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137118_432270.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PGE06667
- ЭКБ идентификаторы
- 137118
- Редакция идентификаторы
- 137118_432270
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы
Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы
«Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ
ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-22-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы
8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 4 қарашадағы № 2-19/566 ұсынысы негізінде, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы
10 қазандағы «Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-22-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6569 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Ертіс
аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы
______________Е. Каримжанов
2019 жылғы «10» желтоқсан