Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков»

Өзге акт · № 9 · қабылданған 04.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2019-no-1-ekb-131495/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменения в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста Өзге акт ·№ 9 ·04.05.2019
04.05.2019 редакциясы
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков»

Қолданыста Өзге акт ·№ 9 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
04.05.2019
Көрсетілген редакция
04.05.2019 131495_405102.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19MB003884
ЭКБ идентификаторы
131495
Редакция идентификаторы
131495_405102
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:04

0 Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1

«Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 10-11-256 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1.«Сайлау учаскелерін құру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшада:
№ 71 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 71 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№11 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Теңге ауылындағы Мұса Төлеуұлы, Нұрғиса Тілендиев, Нұркен Әбдіров, Төле би, Әнес Айтниязов, Жұмекен Нажимеденов, Жайберген Бейнеубаев, Төлеген Тоқтаров, Төлеген Айбергенов, Мұқан Төлебаев, Ғани Мұратбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұрым Жырау Шыршығұлұлы, Ер Шабай, Қазақстан, Абыл Өтембетұлы көшелеріндегі барлық үйлер; Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық перзентханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; «Медицина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»; «Медикер плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Жалымбетов медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі.».

2 2. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына (К.Кусайнов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратының басшысы К.Кусайновқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы