Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2019 года № 1358 «Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 994 · қабылданған 29.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2019-no-1358/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2019 года № 1358 «Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 994 ·29.09.2021
29.09.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2019 года № 1358 «Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 994 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2019 года № 1358 «Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
994
Қабылданған күні
29.09.2021
Көрсетілген редакция
29.09.2021 159112_540287.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024582
ЭКБ идентификаторы
159112
Редакция идентификаторы
159112_540287
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:31

0

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 994
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 10
желтоқсандағы № 1358
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары
р/с№
Заттай нор­ма­ның ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Қыз­мет­кер­лер­ге са­ны
Қол­да­ну са­ла­сы
Пай­да ла­ну уа­қы­ты
1
Пор­та­тив­тік бей­не­тір­ке­уіш­тер док-стан­ци­я­мен
жи­нақ
Өт­кі­зу пункт­те­рі/ке­ден бе­кет­те­рі жұ­мыс­кер­ле­рі­нің са­ны­на бай­ла­ны­сты:
50 адам­ға дей­ін – 5 жи­нақ;
50-ден 100 адам­ға дей­ін – 10 жи­нақ;
100-ден 200 адам­ға дей­ін – 20 жи­нақ;
200-ден 300 адам­ға дей­ін – 30 жи­нақ;
300-ден 400 адам­ға дей­ін – 40 жи­нақ;
400 адам­нан жо­ға­ры – 50 жи­нақ.
Ке­ден­дік тек­се­ріп қа­ра­уды жүр­гізу­ге тар­ты­л­ған, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­да ор­на­лас­қан ав­то­мо­биль өт­кі­зу пункт­тер­де та­у­ар­лар­дың өт­кі­зу­ін мо­ни­то­ринг­ты жү­зе­ге асы­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ора­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің әре­кет­те­рін тір­кеу үшін
7 жыл
2
Дер­бес ком­пью­тер
жи­нақ
Әр­бір об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар және аста­на бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер де­пар­та­мен­тіне 1 дер­бес ком­пью­тер
Бей­не­тір­ке­уіш­тер­ден аудио - және бейне файл­дар­ды жүк­теу және олар­ды сақ­тау үшін ар­нал­ған дер­бес ком­пью­тер
7 жыл
Ескерту: Нақты уақыт режимінде портативтік бейнетіркеуіштерден деректерді беру үшін мобильді интернет қызметін сатып алу Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бюджет қаражаты есебінен қарастырылады.

Қолданыстағы