О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 259 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 63 «Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 259 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 63 «Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов в области регулирования рынка зерна, безопасности и качества хлопка»
- Атауы (қаз.)
- «Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 19.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2020 139853_448931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020074
- ЭКБ идентификаторы
- 139853
- Редакция идентификаторы
- 139853_448931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:58
0
«Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19025 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) үшін мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тәуекелдің жоғары дәрежелеріне жатқызылмағандарға мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) жатады.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 7-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық ресми жариялауға жатады және 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
7 Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы « »
№ және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы « »
№ бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 259 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша
Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тексеру парағы
мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханалар (орталықтар) үшін:
__________________________________________________________________________
(бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру/профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт
__________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1
Сынамаларды іріктеу актілерінің болуы
2
Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналының болуы
3
Шитті мақта сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналының болуы
4
Шитті мақта сапасы туралы куәліктердің ресімделуін жүзеге асыру
5
Шитті мақта сапасы туралы берілген куәліктердің көшірмелерін бір жыл бойы сақтау
6
Тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларын мынадай мерзім ішінде сақтау:
1) тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға - шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданылуы мерзімі ішінде;
2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда - келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін
7
Сапа жөнінде келіспеушіліктер кезінде, келіспеушіліктерді қарау толық аяқталғанға дейін тиеп-жөнелтілген және сақталынатын партияларға шитті мақта сынамаларының сақталуы
Лауазымды адам (-дар)________________________________ ___________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы
________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)