О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 10 января 2019 года № 42/460 «Об утверждении схемы зонирования территории города Абай Карагандинской области с понижающими или повышающими ставками земельного налога для целей налогообложения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 10 января 2019 года № 42/460 «Об утверждении схемы зонирования территории города Абай Карагандинской области с понижающими или повышающими ставками земельного налога для целей налогообложения»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 «Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18/172
- Қабылданған күні
- 17.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2022 164779_561579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22KI026913
- ЭКБ идентификаторы
- 164779
- Редакция идентификаторы
- 164779_561579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:27
0 Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 «Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 «Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру немесе азайту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын бөлінген жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінде белгіленген, Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында арттырылған немесе азайтылған жер салығының мөлшерлері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрыштағы сілтеме жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 42/460 шешiмiне
қосымша».