О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 675 «Об утверждении Правил субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 675 «Об утверждении Правил субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов»
- Атауы (қаз.)
- «Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1164
- Қабылданған күні
- 22.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2023 190467_679028.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001164
- ЭКБ идентификаторы
- 190467
- Редакция идентификаторы
- 190467_679028
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:31
0 «Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды (бұдан әрі – авиаотын) субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Авиамаршрутты пайдалану процесінде шарт талаптарын орындамаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес авиамаршрутқа арналған куәлігі кері қайтарып алынған жағдайда авиакомпанияларға субсидиялар төлеу жүргізілмейді.».