О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решение акима Багратионовского сельского округа Уланского района от 10 сентября 2020 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решение акима Багратионовского сельского округа Уланского района от 10 сентября 2020 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятии»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Ұлан ауданының Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 150520_500356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VQF08030
- ЭКБ идентификаторы
- 150520
- Редакция идентификаторы
- 150520_500356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:48
0 Шектеу іс-шараларын алу және
«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
Ұлан ауданының Багратион ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 шешімнің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 қарашадағы №01-26/545 ұсынысы негізінде, Багратион ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұлан ауданы, Багратион ауылдық округі, Привольное ауылының солтүстік-шығысында орналасқан «Синее горы» жайылымының аумағында ірі қара малдар арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7594 тіркелген, 2020 жылғы 01 қазанда «Ұлан таңы» аудандық газетінде және 2020 жылғы 02 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.