О внесении изменений в постановление акимата Щербактинского района от 10 декабря 2020 года № 311/3 «Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории села Шарбакты Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Щербактинского района от 10 декабря 2020 года № 311/3 «Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории села Шарбакты Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 80/1
- Қабылданған күні
- 25.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2022 167141_572283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PM027823
- ЭКБ идентификаторы
- 167141
- Редакция идентификаторы
- 167141_572283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:16
0 «Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 «Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7092 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Шарбақты ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
25 сәуірдегі № 80/1
қаулысына қосымша
Шарбақты ауданы
әкімдігінің 2020 жылғы
10 желтоқсандағы № 311/3
қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Р/с №
Нақты орналасу орны
Алатын алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
1
Шарбақты ауылы, Малайсары Тархан көшесі, № 24 ғимаратының оң жағында
84
5
«Береке» дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
2
Шарбақты ауылы, 1 Май көшесі, орталық базарға қарама-қарсы
90
5
жоқ
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
3
Александровка ауылы, Жеңіс көшесі, «Абая» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі наубайханасына қарама-қарсы
150
5
«Шуганова» жеке кәсіпкерінің дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
4
Орловка ауылы, 1 Май көшесі, «Сушко» жеке кәсіпкерінің дүкенінің оң жағында
70
5
«Сушко» жеке кәсіпкерінің дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
5
Сосновка ауылы, Ворошилов көшесі, «Берёзка» дүкенінің сол жағында
30
5
«Берёзка» дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
6
Галкино ауылы, Ленин көшесі, «Колтаева» жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы
100
5
«Колтаева» жеке кәсіпкерінің дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
7
Шалдай ауылы, Ленин көшесі, «Радуга» дүкеніне қарама-қарсы
80
5
«Радуга» дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру
8
Хмельницкое ауылы, Мира көшесі, «Ягусевич» жеке кәсіпкерінің дүкеніне қарама-қарсы
30
5
«Ягусевич» жеке кәсіпкерінің дүкені
ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру