Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата от 10 июля 2020 года № 33/382 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запр

Өзге акт · № 18/145 · қабылданған 04.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2020-no-33382-ekb-173111/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата от 10 июля 2020 года № 33/382 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запр Қолданыста Өзге акт ·№ 18/145 ·04.10.2022
04.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата от 10 июля 2020 года № 33/382 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запр

Қолданыста Өзге акт ·№ 18/145 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата от 10 июля 2020 года № 33/382 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запр
Атауы (қаз.)
Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 33/382 «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау турал
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18/145
Қабылданған күні
04.10.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2022 173111_597958.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22MA030247
ЭКБ идентификаторы
173111
Редакция идентификаторы
173111_597958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:38

0

Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі №33/382 «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:

1

1.Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 10 шілдедегі №33/382 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4259 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Ақтау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 18/145
шешіміне 1 қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№33/382 шешіміне 1 қосымша
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар
Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. «Приморский» тұрғын алабында орналасқан автотұрақ алаңы;
2. №34 шағын ауданындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының жанындағы автотұрақ алаңы;
3. №11 «а» және №26 шағын аудандар арасындағы автотұрақ алаңы;
4. Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: №14 «а» шағын ауданынан №9 «а» шағын ауданына дейін №7 автожолының бір бөлігі.

4 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Ақтау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 18/145
шешіміне 2 қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№33/382 шешіміне 3 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес әзірленді.

2

2. Арнайы орындар санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.

3

3. Егер Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

4 4. Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды шекті толтыру нормалары:

1 1) «Приморский» тұрғын алабында орналасқан автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;

2 2) №34 шағын аудандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты жанындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 100 адам;

3 3) №11 «а» және №26 шағынаудандар арасындағы автотұрақ алаңы, шекті толымдылық нормасы 200 адам;

4 4) демонстрациялар, шерулер өткізу үшін жүру маршруты: №14 «а» шағын ауданынан №9 «а» шағын ауданына дейінгі №7 автожолының бір бөлігі, шекті толтырылу нормасы 200 адам.

5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.

6

6. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру бағыты бойынша не бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналысты ұйымдастырушы өткізуге үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытты негізге ала отырып айқындайды.

7 7. Пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдар арасындағы жол берілетін ең аз қашықтық әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында кемінде екі метрді құрайды.

8 8. Пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы бір қатысушы өткізетін ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

9 9. Бейбіт жиналыстар сағат 9.00-ден ерте басталмайды және бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақтау қаласының жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден кешіктірілмей аяқталады.

18 Ақтау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

Ақтау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 18/145
шешіміне 3 қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№33/382 шешіміне 3 қосымша
Ақтау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін
іргелес аумақтардың шекаралары
Ақтау қаласында келесі объектілердің іргелес аумақтарының шекарасынан 400 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдаланылуы қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы