О внесении изменения в постановление акимата от 10 марта 2020 года № 36 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 10 марта 2020 года № 36 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 36 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 11.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 143744_465954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NM009261
- ЭКБ идентификаторы
- 143744
- Редакция идентификаторы
- 143744_465954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:06
0 Әкімдіктің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 36 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарасу ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 10 наурыздағы № 36 қаулысына (2020 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2020 жылға арналған Қарасу ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Әкімдіктің
2020 жылғы 11 маусымдағы
№ 93
қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2020 жылғы 10 наурыздағы
№ 36 қаулысына
қосымша
2020 жылға арналған Қарасу ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында
бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Амангелді ауылы
«Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Болашақ» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
45435
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615
2
Восток ауылы
«Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Ақерке» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
68
37821
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615
3
Жалғызхан ауылы
Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Бөбек» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
40
46603
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615
4
Қарасу ауылы
«Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының «Балапан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
155
32282
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615
5
Қарасу ауылы
Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Нұр сәби» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
96
38709
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615
6
Октябрское ауылы
«Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының «Салтанат» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
98
49208
үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615